Встречаем "Наурыз"! » КГУ "Глубоковская СШ им. Алтынсарина"
Коммунальное государственное учреждение
"Глубоковская средняя школа имени Ы.Алтынсарина"
отдела образования Глубоковского района
Приемная:
+7 (72331) 53-2-89
Бухгалтерия:
+7 (72331) 53 -2-37
Версия
для слабовидящих
02
апрель
2019

Встречаем "Наурыз"!

Қош келдің, әз Наурыз!
Ы. Алтынсарин атындағы 20 – наурызда Глубокое орта мектебі» КММ. Наурыз мерекесіне орай «Әжемнің даналығы» атты ауқымды шара өткізілді.
Наурыз мерекесіне орай «Әжемнің даналығы» атты мерекелік шараға 3 - сынып оқушылары мен ата – аналары қатысты.Мектепшілік ҚХА «Атамекен» бірлестігінің жетекшісі Капитанова Н.А ұйымдастыруымен өткізілді. Айтулы мерекеге мектеп мұғалімдері белсенді қатысты. Мейрам ауылдағы бір күндік көрініспен басталды. Жыл басы Наурыз қыз Қыдыр атаның батасын алған соң, той басталып кетті.
Ардақты әжеміз Салимбаева Ж.С халқымыздың «Шашу» және «Көрісу» дәстүрі көпшілікке паш етті. Оқушылардың ата – аналардың мол дастарқан жайып, қыздарға ұлттық тағамдарың жасалу әдісімін бөлісті. 3 «А» сынып ата – аналары мен қыздары бірлесіп, дәстүрлі тағам бесбармақты дайындап көрсетті. 3 «В» сынып ата – анасы Наурыз көжеден дәм татқызды. 3 «Г» сынып ата – аналары мен қыздары бал бауырсақ дайындап, барлығына таратты.


Осы мезетте сыныптың ұлдары Филипова Н.Ю мен Рахметкалиев Н.Қ ұйымдастыруымен қазақтың ұлттық ойындарын ойнады. Мерекеде ән айтылып, би биленді. Ұлттық ойын «Асық» ойналып, қара жорға биленді.
Шара көңілді және жоғары дәрежеде өтті. Шараға қатысқан барлық сыныптар мерекелік мадақтамалармен марапатталды. ҚХА «Атамекен» бірлестігінің атынан қатысқан мұғалімдер мен ата – аналарға алғысымызды білдіреміз. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз құтты болсын!

Похожие публикации: